Құрметті әріптестер, студенттер, достар!

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бірлік пен ынтымақ, бақыт пен сүйіспеншілік, достық пен татулық, қуаныш пен үміт, баршаны тек жақсылық атаулыға үндейтін ұлық мереке адамдар мен елдерді жақындастыратын ерекше сипатқа ие мейрам.

Адам мен табиғат арасындағы әдемі үндесу, қасиетті Жер-ананы, халықтар арасындағы бейбітшілікті сақтау – Әз-Наурыздың айшықты нышаны.

Сан ғасырлар бойы тойланып келе жатқан бұл ұлы күн әр жыл сайын жаңаруға, өсуге, сәттілікке жол бастайды. Ұрпақтар сабақтастығы, ұлттық құндылықтар, озық халықтық дәстүрлер дәріптеледі.

Бұл – өмір өзегі.

Халқымызды бірлікке ұйыстыратын, ортақ мақсатқа жұмылдыратын, болашаққа сенім ұялататын, күш-қуат беретін Наурыз мерекесі құтты болсын!

Өскелең ұрпақты қалыптастыруда, кәсіби мамандыққа баулуда, отаншылдық рухта тәрбиелеуде жетістіктерге жете берулеріңізге тілектестігімді білдіремін.

Жақсылық пен жаңалықтың жаршысы Наурыз мерекесі әр шаңыраққа шаттық пен қуаныш, ырыс пен несібе әкелсін!

Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке және толайым табыс тілеймін!

Ұлыс оң, ақ мол болсын!

Құрметпен, колледж әкімшілігі!

By admin

Related Post

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *