Қымбатты арулар!
8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне байланысты шынайы құттықтауымыз бен тілегімізді қабыл алыңыздар.
Әйел әрқашан халықтың ар – ожданы, ізгіліктің, нәзіктіктің және дархан көңілдің көрінісі болып келді және болып қалмақ, бүгінгі мереке оларға деген шынайы құрмет белгісі.
Әйел өзінің табиғатынан – ақ кішіпейілділіктің, жоғары адамгершіліктің және мейірімділіктің айнасы. Сондықтан, ол бүкіл қоғамның арқауы ретінде келісім мен тұрақтылықтың нығаюына ықпал етеді.
Шығыста: «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», дейді. Тәуелсіз еліміздің ұл – қыздарын тәрбиелеп, азаматтарға сенімді тірек болып, қоғам ісіне білек сыбана кірісіп, қиын қыстау кезде демеу болып жүргендеріңіз үшін біздің колледж ұжымымыздағы нәзік жандылар қауымына алғыс айтамыз!
