Студентке
«Жезқазған технология және сервис колледжі»КММ
Студенттер қызметінің ішкі тәртіп ережелері
Осы ереже ҚР Конституциясына, «Білім туралы» ҚР Заңына, колледждің Жарғысы мен ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес әзірленді, бұлар студенттің, әкімшіліктің негізгі құқықтары мен міндеттерін айқындайды, сондай-ақ студенттің колледждегі қызметіне байланысты өзге мәселелерді реттейді.
Ішкі тәртіп ережелерін колледж студенттері орындауға міндетті.
- Жалпы ережелер
Осы Ережелер студенттердің колледждегі ішкі тәртібі айқындалатын негізгі нормативтік акт болып табылады.
Студенттер (директордың бұйрығымен колледжде оқуға қабылданған тұлғалар) білім алуға, оқу жоспарлары мен білім бағдарламаларымен көзделген тапсырманың бәрін белгіленген мерзімде орындауға міндетті.
Колледж әкімшілігі қалыпты өнімділігі жоғары жұмыс үшін, сендіру, тәрбиелеу әдістерімен оқу міндеттерін саналы орындау үшін тиісті ұйымдастырушылық әрі экономикалық жағдай жасау, сондай-ақ адал еңбегі мен білімі үшін ынталандыру арқылы оқу тәртібін қамтамасыз етеді. Тәртіп бұзушыларға қатысты тәртіптік жазалау шаралары қолданылады.
Ішкі тәртіп ережелерін қолдануға қатысты мәселелерді колледж әкімшілігі өзіне берілген құқықтар шегінде шешеді, ал Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және Ішкі тәртіп ережелерімен көзделген жағдайларда студенттердің кәсіподақ комитетімен бірге немесе келісе отырып шешеді.
Колледж студенттерінің ішкі тәртіп ережелері, сондай-ақ оған енгізілген өзгертулер мен толықтырулар әкімшіліктің ұсынуы бойынша колледж білім алушылары өкілдерінің қатысуымен педагогикалық кеңесте қабылданады және директор бұйрыққа қол қойған сәттен бастап күшіне енеді.
Студенттер қызметінің ішкі тәртіп ережелерінің мәтіні колледждегі хабарландырулар тақтасына ілінеді.
- Студенттердің негізгі құқықтары
Колледж студенттері құқылы
- ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес білім алуға;
- белгіленген мөлшерде шәкіртақы алуға;
- ғылымның, техника мен мәдениеттің қазіргі даму деңгейіне сәйкес білім алуға;
- өзінің намысын, ар-ұятын құрметтеуге, ақпарат алуға, өз пікірі мен ойын еркін жеткізуге;
- колледж қызметіне қатысты маңызды мәселелерді талқылау мен шешуге қатысуға, соның ішінде қоғамдық студенттер ұйымы мен колледжді басқару органдары арқылы;
- колледжде кітапхананы, ақпараттық қорды, оқу, емдеу және өзге бөлімшелердің қызметтерін тегін қолдануға;
- шығармашылық жобалардың, ғылыми-зерттеу жұмыстарының барлық түріне, конференцияларға, симпозиумдерге, кеңестерге, конкурстарға, фестивальдарға қатысуға, өз жұмысын жариялауға ұсынуға, соның ішінде колледж баспаларында, пән үйірмелеріне қатысуға;
- конференцияларға, түрлі конкурстарға, көркемөнер қызметіне, спорттық секция жұмысына, сайыстарға, Денсаулық күніне және колледждің құрылымдық бөлімдері ұйымдастырған өзге іс-шараларға қатысуға;
- меңгеретін пән мәселелері бойынша оқытушылардан кеңес алуға, оқыту сапасы мен әдістері туралы пікір білдіру және оларды жетілдіру бойынша ұсыныс жасау мүмкіндіктері;
- оқудағы айрықша жетістіктері мен колледждің оқу және қоғамдық жұмыстарына белсене қатысқаны үшін моральдық және (немесе) материалдық сыйақы алуға;
- колледж оқытушылары ұсынатын факультатив курстарын таңдауға;
- колледждің өзіндік басқарма органдарына сайлауға және сайлауға түсуге.
- Студенттердің негізгі міндеттері
Колледж студенттері міндетті
- «Білім туралы» ҚР Заңында бекітілген міндеттерді орындауға;
- колледж Жарғысын, студенттер қызметінің ішкі тәртіп ережелерін сақтауға, педагогикалық кеңестің шешімдерін, директордың орынбасарларының оқу, шығармашылық, ғылыми процестерді реттейтін бұйрықтары мен өкімдерін орындауға, оларды ұйымдастыру мен өткізуге;
- колледж студенттері таңдаған мамандық бойынша теоретикалық білім мен практикалық дағдыларды меңгеруге, барлық тапсырманы белгіленген уақытта орындауға, емтихандар мен сынақтарды оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларымен қатаң сәйкестікте белгіленген мерзімде тапсыруға (емтихан сессиясы);
- Мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес оқу сабақтарына қатысуға және оқу жоспары мен бағдарламаларымен көзделген тапсырмалардың бәрін белгіленген мерзімде орындауға, қарызын уақытылы жоюға;
- колледж директоры бекіткен сәйкес ережелер мен нұсқаулықтармен көзделген еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария, еңбек гигиенасы мен өрт қауіпсіздігі бойынша талаптарды сақтауға;
- колледж мүлкін сақтауға, оны зақымдауға жол бермеуге, жабдық пен техниканы тиімді қолдануға, Интернет желісінде жұмыс істеуге бөлінген ресурсты тек оқу және ғылыми-зерттеу мақсаттарында қолдануға, энергияны, суды және өзге ресурстарды үнемді әрі ұтымды жұмсауға;
- білім алушылардың, оқытушылардың, колледж қызметкерлерінің ар-ұяты мен пікірін құрметтеуге, өзге адамдардың пікіріне, қоғамға жат көріністерге құрметпен қарауға;
- колледж корпусында жүргенде өзін лайықты ұстауға, басқа студенттердің міндеттерін орындауына кедергі келтіретін әрекеттерден аулақ болуға, жалпыға ортақ адамгершілік және әдеп нормаларын ұстануға, колледждің іскерлік беделін ойлауға;
- тәртіпті, ұқыпты болуға, колледждің барлық оқу және өзге үй-жайларында тазалық пен тәртіп сақтауға, колледждің оқу және қосалқы үй-жайлары мен іргелес аумақты тазалау іс-шараларына үнемі қатысуға;
- тәртіпті әрі ұқыпты болуға, колледжде, көшеде, қоғамдық орындарда және үйде өзін лайықты ұстауға;
- оқытушылар, әкімшілік өкілдері аудиторияға кірген кезде орындарынан тұрып, олармен сәлемдесуге;
- оқу сабақтары кезінде оқытушылардың түсіндірмесі мен жолдастарының жауаптарын мұқият тыңдауға, сөйлемеуге, басқа жаққа көңіл бөлмеуге, оқытушының барлық нұсқауын орындауға; сұрақ қоя және сұрақтарға жауап бере отырып, тек оқытушының рұқсатымен орнынан тұруға және отыруға; сабақ кезінде оқытушының рұқсатымен ғана аудиторияға кіріп-шығуға болады;
- зертханадағы, кабинеттердегі сабақ кезінде және оқу-өндірістік практикадан өту кезінде пән жетекшісі ұсынған аспаптар мен құралдарды ғана қолдануға, оларды мұқият ұстауға және қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауға, ұялы телефонға фото және бейне түсіруге тыйым салынған;
- сырқаты немесе басқа маңызды себептер бойынша сабаққа келмеген жағдайда бұл жөнінде дереу бөлім меңгерушісіне, сынып жетекшісіне, топ старостасына хабарлауға тиіс. Егер студент бөлім меңгерушісіне, сынып жетекшісіне, топ старостасына хабарласпай, сабаққа келгенде үш күн ішінде растайтын құжатты өткізбесе, сабаққа келмеу себебі маңызды емес деп танылады. Сырқаттанған жағдайда студент амбулаторлық, емдеу мекемесі немесе колледждің емдеу пункті берген бекітілген нысандағы анықтаманы ұсынуға міндетті.
Жасөспірімдердің шаш үлгісі қысқа қиылған, тегіс қырылған, ал қыздардың шаш үлгілері жинақы болуы керек.
Құқық бұзушылық, бопсалаушылық, төбелес фактілерімен ұсталған студент колледж білім алушылары қатарынан шығарылады;
Денешынықтыру сабағында бекітілген спорт формасының үлгісі болуы керек.
Директордың бұйрығымен тәртіпті және үлгерімі жақсы студенттер қатарынан әр топтың старостасы сайланады;
Топ старостасының міндетіне топтағы тәртіпті қадағалау, оқулықтарды өз уақытында алып студенттерге тарату, бөлім меңгерушісіне қажетті құжаттарды уақытында өткізу кіреді.
Топ старостасы тікелей сынып жетекшісіне, бөлім меңгерушісіне, директордың орынбасарына, студенттер Парламентінің төрағасына бағынады,олардың ауызша және жазбаша тапсырмаларын орындайды және өз тобына хабарлап жеткізеді.
- Студенттердің сыртқы келбетіне қойылатын талаптар
4.1. Студенттің сыртқы келбеті іскери оқу ортасына сәйкес болуы керек
4.2. Студенттердің барлық санатына қойылатын міндетті талаптар:
- студент ер балалардың сыртқы келбеті: шалбар, жейде, жемпір, галстук және пиджак, ұқыпты шаш үлгісі құпталады;
- студент қыздардың сыртқы келбеті: белдемше орта деңгейде және одан төмен, шалбар, блузка мен күртенің ұзындығы белден төмен, пиджакпен ұзын немесе орташа жеңді көйлектер, ұқыпты шаш үлгісі, қалыпты макияж, қарапайым әшекейлер.
4.3. Рұқсат етілмейді
- сырт киіммен колледжде жүруге;
- спорттық және жағажай киімдерін, аяқ киімдерді, сондай-ақ арқасы, білегі ашық, кеудесі ойық киімдерді, шамадан тыс қысқа, жұқа жейде, юбкалар мен қиығы үлкен көйлектер, шорт, төмен белді шалбар кию, ашық, қанық түстерді пайдалана отырып, макияж нұсқалары;
Спорттық киімді тек спорт залында киюге рұқсат етіледі, әскери форманы тек АӘД сабақтарында киюге рұқсат етіледі.
- 5. Колледж үй-жайында келесілерге тыйым салынады
- қатты сөйлеуге, шулауға, музыка тыңдауға, балағат сөйлеуге,сабақ кезінде дәлізде бос жүруге;
- қорқыту немесе күш көрсету актілеріне, бір бірін балағаттап жаман сөз айтуға, басқаның мүлкін ұрлауға, басқаның немесе колледж мүлкін әдейі бұзуға, агрессиялы немесе бұзақылық тәртібіне ( дөрекі мінез көрсетуге, айқайлауға және т. б.)сондай-ақ басқа да құқыққа қайшы әрекет етуге;
оқу корпусының негізі кіреберісінде, ауласында, территориясында, үй-жайында темекі тартуға, түкіруге, шашуға тыйым салынады;
- спирттік ішімдіктерді тұтынуға, улағыш немесе есірткілік масайтатын заттарды қолдануға;
- өртке қауіпті кез келген жарылғыш заттарды, газ баллондарын, қару әкелуге немесе қолдануға;
- қарым-қатынасты анықтау үшін күш көрсетуге, қоршаған ортаға зияндылық әкелетін кез келген әрекетке;
- шемішке шағуға, құмар ойын ойынға;
- колледждің тоқ көзінен жеке техникаңызды, телефонды қуаттауға, сағыз шайнауға, сабақ барысында, дәрісханалық емес шараларда телефонды қосуға;
- ашық түсті косметика қолдануға, әшекей бұйымдарының көп түрін тағуға, ашық түсті ұзын тырнақпен жүруге;
- колледж ғаламтор жүйесіне зақым келтіретін бағдарламаларды енгізуге немесе таратуға;
- әкімшіліктің рұқсатынсыз хабарландыру ілуге, сурет немесе белгісіз жазуларды жапсыруға, қабырғалар мен дәрісхана үстелдеріне және басқа да жерлерге жазбалар қалдыруға;
- ҚР заңнамасына қайшы келетін идеялар мен ресми тіркелмеген ұйымдардың атрибутикасын насихаттауға, қоғамдық тәртіпті бұзуға, саяси немесе діни сипаттағы көпшілік шараларға қатысуға;
- баспалдақ пен дәлізде жүгіруге, басқа студенттерді итеруге, бір біріне түрлі заттарды лақтыруға (Көзі көрмеу мүгедектігіне байланысты «Уқалаушы» мамандығында оқитындарға аса назар аудару керек);
- колледжде діни сипаттағы киім киюге, ғибадат бөлмесін ашуға және діни атрибутикаларды қолдануға;
- колледжге шолақ шалбармен, майкамен, резеңке шәркеймен, спорттық шараларда немесе денешынықтыру сабақтарында болмаса, спорттық киіммен келуге;
- оқу дәрісханаларына сырт киіммен келуге(пальто, күртеше, плащ, бас киім және т. б.);
- сабақ кезінде сусын немесе тамақ ішуге;
- сабақ кезінде дәрісханадан оқытушының рұқсатынсыз шығуға немесе кіріп сабаққа кедергі келтіруге;
- адамның нәсіліне, ұлтына, дініне қатысты алауыздық пен талас туғызатын әрекеттерге, ұлттық абыройы мен ар намысына нұсқан келтіретін әрекеттерге жол бермеуге;
- әкімшіліктің рұқсатынсыз колледж мүлкін, басқа құрылғыларды шығаруға.
студент бойындағы жақсы қасиеттерді сақтау отырып, академиялық тапсырмаларды орындауда, аралық немесе қорытынды аттестаттау кезінде, ақпарат алудың заңсыз түрлерін, көшіруге, шпаргалка пайдалануға жол беруге;
- бөгде біреудің атқарған жұмысы мен идеясын, оның жасаған қорытындысын, өз атынан ұсынуға, плагиат, т. т. ұрлауға;
- келесі құжаттарды қолдан жасауға және ондағы мәліметтерді(оқу журналы, үлгерім кітапшасы, студенттік билеттерді) көшіруге немесе басқа да мәлімет сақтайтын құжаттарға (сондай-ақ компьютерлік) өзгеріс енгізуге;
- Әкімшіліктің негізі міндеттері
Колледж әкімшілігі оқу жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында
- ғылыми-педагогикалық, әкімшілік-шаруашылық, оқу-тәрбиелік және басқа қызметкерлердің жұмысын ұйымдастырумен қамтамасыз етеді;
- құрылғылардың жарамдылығымен, оқытудың денсаулыққа қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз етеді;
- колледж қаражатынан үй-жайды құрылғылармен, материалдық-техникалық және оқу процесіне қажетті жабдықтармен қамтамасыз етуге;
- оқыту процесін әдістемелік қамтамасыз ету үшін шара қолдануға;
- сабаққа спирттік ішімдік ішіп, улағыш немесе есірткілік масайтатын заттарды қолданған студенттерді сабаққа кіргізбеуге;
- Өндірістік жарақаттанудың алдын алу, студенттердің техникалық қауіпсіздік талаптарын сақтауын, өндірістік санитария мен еңбек гигиенасын, өрттен сақтану қауіпсіздігін үнемі бақылап қажетті шараларды қолдануға;
- үй-жайдың жарық, жылу, желдету,жабдықтау және студенттердің сырт киімдерін қалыпты сақтайтын ыңғайлы жағдайларын қамтамасыз етуге;
- студенттердің колледж және оның бөлімдерінің беделін арттыруға ұсынған ұсыныстарын мерзімінде ескеруге;
- Оқу ғимаратын күзетпен қамтамасыз ету, жабдықтардың, құрал-саймандардың басқа да мүліктің сақталуына, сондай-ақ, оқу және өндіріс ғимараттарын ретке келтіру, ғимаратты күзету, олардың өрттен сақтану қауіпсіздігі мен санитарлық жағдайы директордың бұйрығына сәйкес лауазымдық тұлғаларға жүктеледі;
- колледж үй-жайларының көркеюімен (қолданысқа жарамды жиһаз, оқу жабдықтарының, температураның қалыптылығын, жарықтың түсуін және т. б.) сабақты оқу құраларының дайындығы мен жарамды жабдықтармен қамтамасыз етуге.
- 7. Студенттік Парламент
- өз жұмысында ҚР заңнамасын,осы Ережені және басқа нормативтік актіліерді басшылыққа алады;
- студенттердің жалпы сайлау кезінде сайланған тұлғалардан тұрады;
- топ старосталары мен студенттер қызметін байланыстырады;
- студенттерді еркін түрде колледждің және оның төңірегінде (кабинет тазалу) қоғамға-пайдалы жұмыс атқаруға тартады;
- колледж әкімшілігіне материалдық құндылықтарды сақтау бақылауын ұйымдастыруға көмектеседі;
- студенттер мүддесін ұсынады;
- жаппай-мәдени жұмыстың өткізілуін ұйымдастырады;
Студенттік Парламентпен келесі сұрақтар міндетті түрде келісілу керек:
- студенттерге қолданылатын марапаттау және тәртіптік сөгіс жариялау;
- колледждің сабақтан тыс шараларының жоспары;
- колледждің нормативтік жоспарында нақты аталған басқа да мәселелер.
Колледж әкімшілігі сәтті жұмысы үшін Парламент мүшелерін моральді және материалды марапаттауға шара қолданады.
- Оқу тәртібі , оқу уақыты және оны қолдану
Оқу жылы 1 қыргүйек күні басталады, екі семестрден тұрады және нақты кәсіби-оқыту бағдарламасы бойынша оқу жоспарына сәйкес аяқталады.
Колледждегі оқу процесі аптаның 6 күнінде (дүйсенбіден сенбіге дейін) сабақ кестесі мен оқу жоспарына сәйкес іске асады.
Мереке мен жексенбі күндерінде оқыту тек кей жағдайда ғана ҚР заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Сабақ кестесі директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарымен, директордың практикалық оқыту жөніндегі орынбасарымен бекітіліп, белгіленген жерге ілінеді.
Сабақ басталған соң барлық оқу және соған теңестірілген үй-жайларда сабақтың қалыпты және тыныш, ретімен өтуіне жағдай жасалуы тиіс. Сабақты бөлуге, сабақ барысында дәрісханадан шығып жүруге болмайды.
Сабақ нақты басталған соң дәрісханаға кіріп немесе одан шығуға тек оқытушының рұқсатымен жүзеге асырылады.
Әрбір академиялық топта студенттердің сабаққа қатысымын тіркеу журналы бекітілген үлгіде жүргізіледі, күнделікті сабақтың алдында топ старостасы оған сабақта бар және жоқ студенттерді белгілейді.
Белгілі себептермен сабаққа келмеген жағдайда студент келесі күннен қалдырмай ол туралы бөлім меңгерушісін немесе сынып жетекшісін ескертуі қажет, ал сабаққа келген бірінші күні-ақ сабаққа келмеу себебін ақтайтын бекітілген үлгідегі құжатты (анықтама, шақыру қағазы, хаттар, жеделхат және т. б.) көрсетуі тиіс.
Студент сабаққа келмеген күндерін директордың орынбасарымен бекітілген кестеге сәйкес өтеуі тиіс. Студенттің өтеуге тиіс сағаттары сабақ кестесінен бөлек кезекші оқытушының мониторинг Орталығында жүргізіледі.
- Оқудағы үлгерімі үшін марапаттау
Оқудағы үлгерімі мен колледждің қоғамдық және ғылыми, шығармашылық жұмысына белсенді қатысқаны үшін студенттерге келесідей моральдық және материалдық марапаттаулар беріледі:
- алғыс жариялау;
- колледж Құрмет грамотасымен марапаттау;
- марапаттаудың басқа түрлері.
Марапаттау директордың бұйрығымен жарияланады, барлық ұжымға хабардар етіледі және студенттің жеке ісіне тіркеледі.
- Оқу тәртібін бұзу жауапкершілігі
Оқу жоспарын орындамағаны, тәртіп бұзғаны, колледж Жарғысында аталған міндеттерді,ішкі тәртіп Ережесін сақтамағаны үшін келесідей тәртіптік сөгіс жарияланады:
- ескерту;
- сөгіс жариялау;
- колледжден шығару;
Студенттер тәртіптік сөгісті келесі жағдайларды алуы мүмкін.
- Осы ішкі тәртіп Ережесінде аталған міндеттерді жүйелі түрде немесе бірнеше рет орындамағанда:
- Оқу үй-жайын басқа мақсатта қолданғанда;
- Оқу үй-жайын бүлдіргенде немесе қиратқанда;
- Нашақорлық есірткі заттарды сақтағанда немесе таратқанда;
- ҚР заңнамасында қарастырылған басқа жағдайларда;
- Сабақтан себепсіз қалғанда;
– 36 сағат үшін – ескерту жарияланады;
– 72 сағат үшін – сөгіс жарияланады;
– 108 сағат үшін – колледжден шығарылады .
Тәртіптік сөгіс жариялау колледж директорымен ресімделеді.
Құжаттарға(студенттік билетті, сынақ кітапшасын т.б. жоғалту) салғырт қарағаны үшін студенттерге тәртіптік ықпал ету шарасы жүргізіледі.
Құжатты жоғалтқан жағдайда оның көшірмесі студентке колледжде барлық оқыған мерзіміне бір-ақ рет жазып беріледі. Жоғалған сынақ кітапшасы мен студенттік билетті студент өз есебінен қайта жасатады.
Колледж Жарғысын бұзған студентке сөгіс жариялауда алдын ала колледждің студенттер кәсіподағымен келісіледі. Академиялық үлгерімі мен оқу тәртібін бұзғаны үшін оқудан шығаруда студенттер кәсіподағымен келісім жүргізілмейді.
Тәртіптік сөгіс жариялау, оқудан шығару студенттен жазбаша түсініктеме алған соң жүзеге асырылады. Білім алушының түсініктеме жазудан бас тартуы оған тәртіптік сөгіс жариялауға кедергі бола алмайды. Әрбір жіберілген сабаққа тек бір ғана тәртіптік сөгіс жарияланады.
Тәртіптік сөгіс колледж директорының бұйрығымен ресімделеді. Тәртіптік сөгіс шарасын қолдану туралы мәлімет білім алушының жеке ісіне енгізіледі.
Тәртіптік сөгіс жариялауда студенттің істеген қылығының ауырлығы, мән-жайы оқу үлгерімі мен тәртібі ескеріледі.
Студент сырқаттанғанда (құжатпен расталғанда)немесе академиялық демалыс алғанда оқудан шығарылмайды.
Білім алушының құқыққа қайшы әрекет етуі ҚР «Білім туралы» заңдылығына сәйкес колледж Жарғысымен анықталады және колледжден шығарылуына негіз болады.
Студентті колледжден шығару
- өз еркімен, сырқаттануына немесе басқа оқу орнына ауысуына байланысты;
- академиялық (сессия кезінде үш немесе одан да көп қанағаттанарлықсыз баға алғанда, белгіленген уақытта академиялық қарыздарын жоймағанда)үлгермеуіне;
- келісімшарт талаптарын орындамағанда немесе оқыту шығынның орынын толтыру негізінде жүргізіледі;
- колледж Жарғысында, осы Ережелерде айтылған міндеттерді бірнеше рет және өрескел бұзғанда, бірнеше рет деп жоғарыда көрсетілген ережелер студентке бір жыл ішінде тәртіптік сөгіс немесе ықпал ету шаралары қолданғанда;
- соттың үкімі шығып, заңды күшіне енген қылмыстық іс жасағанда және басқа да құқықбұзушылық әрекеттері мен колледж студенті атына нұсқан келтіргенде;
- Медициналық қажетті деп табылмаған есірткілік заттарды қолданғанда;
Егер студент оқу жылының басынан немесе оқу жылының семестрінде күнтізбелік айда себепсіз сабаққа қатыспаса колледжден шығарылуы мүмкін.



Всего комментариев: 0