Жакупова Айнур Сагимбековна
Байланыс телефоны 87052278581
E-mail inju_meruert@mail.ru
Кәсіби даму
Менің кәсіби ұстанымым:
Менің кәсіби ұстанымым — химия ғылымының тереңдігін цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерімен ұштастырып, студенттердің бойында кәсіби құзыреттілік пен сыни ойлау дағдысын қалыптастыру. Мен үшін басты мақсат — заман талабына сай өзгерістерге дайын, өз ісінің шебері әрі парасатты маман тәрбиелеу.”
Химия — өмір мен кәсіптің негізі”. Студент білімді тек емтихан үшін емес, ертеңгі жұмыс орнындағы химиялық процестерді түсіну үшін меңгеруі тиіс.
Білімі
Білімі: Жоғары
Оқу орны 2004-2008 жж . О.А.Байконуров атындағы Жезқазған Университеті
Мамандығы “Химия” және “Химия бакалавр”
Біліктілігі Педагог-модератор 02.09.2025-01.09.2030жж
№01-07/110
Кәсіби қызметі
Оқытатын пәні Химия пәні оқытушысы
Жұмыс тәжірибесі (педагогикалық өтілі) 17 жыл
Лауазымы Педагог
Санаты (категориясы) Педагог-модератор 02.09.2025-01.09.2030жж
№01-07/110
Біліктілікті арттыру курстары
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі «Өрлеу» Біліктілік арттыру ұлттық орталығы акционерлік орталығы № 0452420 17.05.2021-28.05.2021 ж аралығы Орта мазмұны жаңарту аясында «Химия» жалпы білім беру пәні бойынша колледж оқытушыларының біліктілігін арттыру курсы.
Жетістіктері мен Марапаттары
Менің педагогикалық жолым — заманауи технологияларды игеру мен кәсіби шеберлікті шыңдаудың үздіксіз үдерісі. Соңғы кезеңдегі жетістіктерім ұстаздық қызметімнің екі негізгі бағытын айқындайды: цифрлық трансформатор және педагогикалық новатор.
1.Халықаралық деңгейдегі цифрлық құзыреттілік:
Батыс Қазақстан облыстық әдістемелік орталығы мен Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің ұйымдастыруымен өткен «Цифрлық педагогика: Жасанды интеллект дәуіріндегі ұстаз рөлі» атты халықаралық конференцияға қатысуым — заман талабына сай бейімделуімнің көрсеткіші.
Жасанды интеллект мүмкіндіктерін білім беру үдерісіне енгізу арқылы оқытудың жаңа форматтарын меңгеріп, халықаралық деңгейдегі тәжірибе алмасу алаңында кәсіби деңгейімді көрсетіп №080197 сертификатпен марапатталып баяндама жинаққа еңгізілді..
2.Облыстық деңгейдегі кәсіби шеберлік:
Ұлытау облысының әдістемелік орталығы ұйымдастырған техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтері арасындағы «Педагогикалық идеялар фестивалі» екінші облыстық кәсіби шеберлік байқауына қатысуым — менің шығармашылық ізденісімнің жемісі.
Бұл байқауда өзімнің методикалық құралыммен әдістемелік идеяларымды ұсынып №1984 сертификатпен марапатталдым.
Қосымша ақпарат
Ғылыми-әдістемелік жұмыстары:
«Жұмысшы мамандықтарына арналған химиялық кейстер, зертханалық жұмыстар және практикалық тапсырмалар жинағы» оқу-әдістемелік құрал.



