II Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның 12-13 cәуір аралығында өткен болатын.

Бірінші күні конференцияға қатысушыларды қор директоры Марина Хан, Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев, Канаданың Қазақстандағы Елшісінің аға атташе және кеңесшісі Эдвард Уот және конференцияның басқа да құрметті қонақтары қарсы алды.

«Білім беруді цифрландыру. STEM тәсілі негізінде білім беруді трансформациялау», «Білім берудің инновациялық әдістері мен технологиялары», «Мектепті басқаруды жаңғырту: менеджменттен өзін-өзі басқаруға», «Кәсіби бағдар», «Интернационалдандыру» т.б. тақырыптарда панельдік сессиялар өткізілді. “Жезқазған технология және сервис колледжі” КММ-нен екі оқытушы осы конференция жинағына өздерінің жұмыстарын ұсынды және де олардың еңбектері жарыққа шықты. Олар директордың ОІЖ орынбасары, физика пәні оқытушысы және педагогика мен психология магистрі Нуржанова А.К. мен техника ғылымдарының магистрі, өндірістік оқыту шебері Фазылова М.С. Және де конференцияда қолөнер жәрмеңкесі болған еді. Біздің оқытушылар жәрмеңкеде өздерінің студенттермен бірлесе жасаған жұмыстарын көрсетті.

Қатысушылар нәтижелі жұмыс жасап, тәжірибе мен пікір алмасты. 13 сәуір күні конференция қорытындысы бойынша қарар қабылданып, облыстағы үздік білім қызметкерлеріне марапаттар беріледі.

By admin

Related Post

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *